Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Димаш Құдайбергеновтың сахналық киімі аукционға қойылды

11.12.2023ж. 20:00
475
Димаш Құдайбергеновтың сахналық киімі аукционға қойылды

Астанада Димаш Құдайбергеновтың сахналық киімі мен Генадий Головкиннің қолтаңбасы қойылған қолғап сатылды. Аукцион дәстүрлі қысқы бал барысында өтті. Қайырымдылық шарасында бас-аяғы 90 миллион теңгеден аса қаржы жиналған. Бұл іс-шараны жыл сайын «Болашақ» корпоративтік қоры өткізеді. Түскен ақшаның бәрі әлеуметтік жобаларға жіберіледі.

Динара ГАПЛАН, «БОЛАШАҚ» ҚОРЫНЫҢ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:
Барлық қаржы қайырымдылыққа кетеді. Өткен жылы біз 10 балабақша мен мектепте инклюзияны қолдау кабинеттерін аштық, аутизм, Даун синдромы бар балаларға арналған футболдан инклюзивті секцияны іске қостық. Ерекше балалардың ата-аналарына психологиялық қолдау көрсету бойынша «OI SANA» жобасын іске қостық, тағы 500-ге жуық мектеп, колледж, балабақша директорларын, мамандар мен ата-аналарды оқыттық.
"Болашақ" корпоративтік қоры қысқы қайырымдылық балды осымен 11-рет ұйымдастырды. Осы жылдар ішінде жиын арқылы 800 миллион теңге жиналған. Бұл қаражатқа қор 80-нен астам мамандандырылған оңалту мекемесін, 500-ден астам жұмыс орнын ашты. Тұрмысы төмен отбасасынан шыққан балаларға 107 жол жүру және 17 білім беру грантын бөлді.

Бейбіт ӘЛІБЕКОВ, КӘСІПКЕР:
Ең бастысы балаларға көмектескіміз келеді. Әрине, аукционға ұсынылған сыйлықтар керемет. Бірақ мұнда жиналған адамдардың бәрі бірінші сыйлықты ойламайды. Олар өзгеге көмектескісі келеді.