Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қызылордада 25 жастағы жігітке бүйрек ауыстыру операциясы жасалды

Қызылордада 25 жастағы жігітке бүйрек ауыстыру операциясы жасалды

Қызылордада соңғы 10 жылда алғаш рет бүйрек трансплантациясы жасалды. 4 жарым сағатқа созылған операция сәтті аяқталды дейді дәрігерлер. Бұл жаңалық жасанды бүйрек аппаратына тәуелді көптеген науқастарға үміт сыйлады.

25 жастағы жігіт 3 жыл бойы жасанды бүйрек аппаратына тәуелді болған. Оған ағасы донор болды. Олар алдын ала бірнеше сараптамадан өтіп, жіті тексерілген. Аймақта 600-ден аса адам бүйрек жетіспеушілігінен зардап шегуде. Оның 370-і диалез алады. Сондықтан мұндай трансплантацияның маңызы зор.

Болатбек БАЙМАХАНОВ, А. Н.СЫЗҒАНОВ АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Біздің мемлекетімізде 10 мыңнан аса адам қазір бүйрек жетіспеушілігімен жүр. Өкінішке орай оның көбісі жастар. 90 пайыз адамдар қайтыс болады диалезде жүрген. Ал трансплантанциядан кейін 10 жылдан кейін 85 пайыз. Тиімділігі 85 пайыз. Олар қатарға қосылып, отбасын құрып балалар туылып жатқан жағдайлар бар.

Операцияға Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандары жетекшілік етті. Бұл- қызылордалық ақхалаттыларға үлкен тәжірибе. Олар алдағы уақытта маңызды іске өздері кірісуді көздеп отыр.

Жасұлан БАЙМАХАНОВ, КӨПБЕЙІНДІ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Медицина саласының жаңа деңгейі. Қазақстанда қазір қарап отырсақ тек қана 4 жерде. Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкентте жасалынады. Біз бесінші облыс болып жаңа деңгейге көтеріліп жатырмыз. Жалғастырамыз әрі қарай.

Сыр медицинасында соңғы жылдары ауыз толтырып айтар жетістік көп. Қалада соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған қан орталығы салынуда. 300 төсектік көпбейінді қалалық аурухананың құрылысы жүріп жатыр. Аудандардың да денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінген.

Олжас ЫСҚАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудандары ауданаралық статусты алып, сол статусты алғаннна кейін осы Презинденттің тапсырмасына сәйкес оларға қосымша құрылыс салынып, қымбат ангиогроф қондырғысы, МРТ қондырғысы қондырылатын болады. Жаңақорған ауданында «Қамқорлық» оңалту орталығын ашу жоспарлап жатырмыз.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан соңғы 2 жылда аймақ медицинасын дамытуға 2 млрд теңгеден аса қаржы бағытталған. Соның есебінен облыстық балалар ауруханасы базасындағы «Қамқорлық» реабилитациялық орталығы медициналық қондырғылармен жабдықталған. Сондай-ақ, науқастарға қажетті аса қымбат дәрі-дәрмектер алынды.