Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"Ақтөбе облысында биыл ауыл шаруашылығы саласында 10 айда 400 млрд теңгеге жуық өнім өндірілген",- А.Шахаров

11.12.2023ж. 20:00
604
"Ақтөбе облысында биыл ауыл шаруашылығы саласында 10 айда 400 млрд теңгеге жуық өнім өндірілген",- А.Шахаров

Ақтөбе облысында биыл ауыл шаруашылығы саласында 10 айда 400 млрд теңгеге жуық өнім өндірілген. Саланы қолдау үшін 14,5 млрд теңге бөлінген.

Бұл туралы облыс әкімі Асхат Шахаров айтты. Ол 800 мыңға жуық гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, 429 мың тонна дәнді-дақыл жиналғанын атап өтті.

Өңірде биыл ауа райының қолайсыздығына қарамастан ауыл шаруашылығы егін бітік шықты. Орташа өнімділік гектарына 10 центнерден асқан. Мал шаруашылығы саласында да өсім бар. Облыс әкімі осы жылы ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту мәселесі де назардан тыс қалмағанын айтты. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан 350 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған.

Асхат ШАХАРОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Машина-трактор паркін жаңарту үшін ҚазАгроҚаржы арқылы 9,3 млрд теңгеге 910 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Сонымен қатар, Ақтөбе облысы мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2026 жылға дейінгі бірлескен инвестициялық Жол картасына сәйкес, 502 млрд теңгеге 93 жоба жүзеге асырылады
Аймақта газ тапшылығы мәселесі өзекті. Жетіспеушілік жылына 1,6 млрд текше метр. Қолданыстағы магистральді газ құбырларының қыстағы жүктемесі 175 пайызға жеткен. Бұл мәселені шешпей өңірде ірі инвестициялық жобаларды іске асыру, тұрғын үйлер салып, бизнесті дамыту қиынға түседі дейді,-аймақ басшысы.

Асхат ШАХАРОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Осы тапшылықты жою үшін Бұқара-Орал газ құбырының үшінші желісі тартылады. Қажетті қаражат толықтай қарастырылған. Келер жылы құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Бұл облыс орталығында газ тапшылығын алдағы 50 жылға шешуге мүмкіндік береді.
Облыста интернет мәселесі де біртіндеп шешіліп келеді. Бүгінде өңірде 315 ауылдың 200-ден астамы мобильді интернетпен қамтамасыз етілген. Алдағы жылы 47 ауылға мобильді интернет жүргізу жоспарланып отыр.