Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қостанайда «Тіл тамыры-отбасы» облыстық байқауы өтті

11.12.2023ж. 20:00
429
Қостанайда  «Тіл тамыры-отбасы» облыстық байқауы өтті

Қостанайда “Тіл тамыры-отбасы” облыстық байқауы өз мәресіне жетті. Игі жобаны “AMANAT” партиясы мен “Қазақ тілі” қоғамының облыстық филиалы ұйымдастырды.

Ұлттық өнер, тіл және дәстүрді дәріптейтін байқау партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында жүзеге асып отыр. Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған «Тіл тамыры - отбасы» облыстық байқаудың аудандық, қалалық, өңірлік кезеңі өтті. 6 өңірдің жеңімпаздары финалға қатысты. Бас жүлде Қостанай қаласынан байқауға түскен Әбдібековтер отбасына бұйырды. Бірінші орынды Амангелді ауданынан келген Сүйінбековтер, 2 орын Меңдіқаралық Айсағалиевтер, 3 орынды қалған 3 отбасы иеленді. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық пен алғыс хаттар табысталды .Бас жүлдеге 500 мың теңге берілді.

Қырмызы ЖАҢБЫРШИНА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОФ ЖАНЫНДАҒЫ «MIRAS» АЙМАҚТЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
4 тур бойынша өздерінің өнерін көсетті.Әртүрлі тақырыптар болды.Сұрақтарға жауап берді. Мақал-мәтелдер.Енді бұл сайыстың басты мақсаты –ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу.Ана тілімізге деген құрмет.Сол ана тіліміздің мәртебесін көтеру.Елге,туған жерге, тілге деген құрмет отбасынан басталу керек.Сондықтан да бүгінгі өткізген іс-шарамыздың тәрбиелік мәні зор деп айта аламын.