Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Алматыда дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жүргізілді

11.12.2023ж. 20:00
465
Алматыда дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жүргізілді

Алматыда "AMANAT" партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қала орталығындағы бірнеше дәріханадағы дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жүргізді. Мегаполисте тұмау, вирустық аурулардың дендеп кеткенін дәріханалардағы кезектен-ақ байқауға болады. Қала тұрғындары көбіне жұқпалы вирустарға қарсы, ұнтақ түріндегі дәрілердің бағасында өзгерістер байқалатынын айтты.

Нұрсұлтан ӨСЕР, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Осы қазір қалада жүріп жатқан грип, ОРВИ бойынша үйде балаларымыз, дос балаларымыз ауырып жатқан едік. Соған дос балаларыма дәрі іздеп келгенмін. Қарағаным бойынша салыстыриалы түрде менің әкелгенім баға бойынша жетпей қалды. Сол сәл ыңғайсыз болып қалды. Қазір қыс болған соң ба, аурудың кезеңі болған соң мүмкін бағалардың өзгерістері болып жатқан шығар.
Бақылау тобы дәріханаларды аралап, маңызды препараттардың мөлшері мен сұранысы жайлы ақпарат алды. Сондай-ақ олардың бағасын зерделеп, министірлікте бекітілген шекті бағалармен салыстырды. Ал бірқатар кәсіпкерлерге дәрі бағаларын негізсіз көтермеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Махамбет АСАБАЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Біздер бақылағанымыз кейбір дәрі-дәрмектерге парашок түрде, суспензия түрінде 1-2 бағаларын көтеру фактілерін байқадық. Бұл препараттар қазір мына грипқа қарсы, тұмауға қарсы препараттардың көп сұраныс болғандықтан оған кейбір препараттардың бағасының өскенін байқадық. Жеке-жеке аптекалардың арасында байқадық көтеріңкі бағаны. Енді біздер Аманат партиясы атынан рекомендация ретінде осы бағаларды өзіміздің комиссиямызда бақылаймыз, тұрақтандырамыз, талқылаймыз деген ойдамыз.