Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қазақстанда аяздың беті қашан қайтады?

AstanaTV
12.12.2023ж. 16:34
983
Қазақстанда аяздың беті қашан қайтады?

12-13 желтоқсан күндері атмосферада фронтальды ауа массасы өтетіндіктен еліміздің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады. Ал 12 желтоқсан күні таулы аймақтарға қалың қар түседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында жел күшейіп, таулы аймақтарда тұман болады.

12-13 желтоқсанда түнде ауа температурасы солтүстік-батыста және орталықта 25-38 градус аяз, солтүстікте 30-38 градус аяз, елдің қиыр солтүстігінде және солтүстік-батысында 40-44 градус аяз, республиканың шығысында 20-38 градус аяз болады.

14 желтоқсаннан бастап Арктикалық антициклон солтүстік-шығыс бағытқа ығыса бастайды. Антициклонның ығысуына байланысты 14 желтоқсаннан кейін ауа температурасы салыстырмалы түрде жылынып, түнгі уақытта аяз төмендейді. Батыста 5-16 аязға дейін, солтүстік-батыста 15-35 градусқа дейін аяз, солтүстікте 25-38 градусқа дейін аяз болады, - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

14 желтоқсанда 32-38, жекелеген аудандарда 40-42 градус аязға дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа температурасы 25-30-ға дейін, таулы аудандарда 33-38 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр.