Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Павлодарда пәтерлердің бірінен адам төзгісіз жағдайда өмір сүрген 3 бала табылды

13.12.2023ж. 20:00
524
Павлодарда  пәтерлердің бірінен  адам төзгісіз жағдайда өмір сүрген 3 бала табылды

Павлодарда пәтерлердің бірінен адам төзгісіз жағдайда өмір сүрген 3 бала табылды. Полицияның айтуынша, ата-анасы бірдей ішімдікке салынып, бүлдіршіндерге мүлдем қарамаған. Тәртіп сақшылары үйге барған кезде әкелері мас болып жатқан. Бөлмелер астаң-кестең. Аяқ алып жүру мүмкін емес. Балалар аш-жалаңаш. Тоңазытқышта арақтан басқа түк жоқ. Тіпті, 2 және 4 жастағы балалардың жатар орны да болмаған. Жауапсыз ата-ананың ісі енді сотта қаралмақ. Бүлдіршіндер балалар үйіне орналастырылды. Облыс бойынша полиция есебінде тұрған осындай 288 отбасы бар.

Арман ҚАПТАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін ата-анаға қатысты Әкімшілік кодекстің 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылып, сотқа жіберілді. Сонымен ата-аналардың мінез құлқы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық комиссияда қаралады.