Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Мәскеуде Томирис Байсафаның өліміне күдікті ақталып шықты

AstanaTV
08.06.2021ж. 20:00
2059
Мәскеуде Томирис Байсафаның өліміне күдікті ақталып шықты

Қазақстандық Томирис Байсафаның өліміне күдікті деп ұсталған Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Муртузәлі Меджидов ақталып шықты. Мәскеулік сот оны кінәлі емес деп  үкім шығарды. Ол Мәскеудегі Никулинский сот залынан босатылды. Томиристің анасы апелляциялық шағым беруге дайындалып жатыр.

Мәскеуде өткен сот процесін Томирис Байсафаның анасы кезекті «әділетсіздік» деп санайды. Жанна Ахметованың айтуынша, сот залында алдын-ала дайындалған сұрақтар қойылған. Оның үстіне, айыпталушының кінәсі дәлелденген. Бірақ соған қарамастан, алты алқабидің бесеуі Муртузәлі Меджидовті кінәсіз деп ақтап алды.

Жанна АХМЕТОВА, ТОМИРИС БАЙСАФАНЫҢ АНАСЫ:

Бұған Меджитовтің қатысы бар ма? Деген сұраққа төрт қазылар алқасының екеуі «иә» деп жауап берді. Екінші сұрақ - Меджитов өлімге кінәлі ме дегенге. Жоқ. Алтаудың бесеуі жоқ деп жауап берді. Жалпы өте қызық қойылған үшінші сұрақ бойынша Меджитов сот залында қамаудан босатылды. Сондықтан, осы сот ісі бойынша да Меджитовтің кінәсі дәлелденді. Оның қатысы бар, бірақ таңқаларлық себептермен ол кінәлі емес.


Жаннаның айтуынша, кінәлі жақ бәрін Томиристің жүйкесінде ақау бар етіп көрсетуге тырысқан. | Меджидовқа деген жауапсыз махаббатының кесірінен 4-қабаттан секіріп кетті дейді. Бұған қарсы пікір айтқан Жаннаны сот залдан шығарып жіберген.

Жанна АХМЕТОВА, ТОМИРИС БАЙСАФАНЫҢ АНАСЫ:

Сот біздің ескертулеріміз бен өтініштерімізді қабылдамады. Бұл күдік туғызады. Олар мені залдан қуып жіберді.Кеше маған бір туысым қолдау көрсету үшін келген еді. Оған да қатысуға рұқсат бермеді.

Евгений ЯВОРСКИЙ, АДВОКАТ:

Жақсы оқыған бала, ешқандай жерде тіркелмеген. Ақылды, жақсы, мейірімді қыз. Бірақ қарсы тарап оны стреске төзімсіз, есінен адасқан, Меджидовке ғашық болып, ол онымен сөйлескісі келмегені үшін терезеден секіріп кеткен деп көрсетті.

Жаннаның айтуынша, мәселені қиындатып тұрған тағы бір жайт - сол кезде оқыған студенттердің табылмай тұрғаны.  Адвокат та олар табылса үлкен көмек болар еді дейді.

Евгений ЯВОРСКИЙ, АДВОКАТ:

Сол кезде олармен бірге оқыған балаларды табу қиын. Бәрі өз елдеріне тарап кеткен. Томиристің «Мені ұрма» дегені естіледі аудиожазбада. Прокуратура бұл балаларды таба алмайды. Әрі сотта тиісті айғақтарды бере алмайды.

Еске салсақ, 2018 жылдың сәуір айында Мәскеуде университет ғимаратынан құлаған қазақстандық студент Томирис Байсафа қайтыс болған еді. Ресей тарапы аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Сонымен қатар, тергеу органдары марқұмның өзіне қол салуы мүмкін деген нұсқаны да қарастырды. Алайда Томирис Байсафаның анасы өмірге құштар қызының өзін өлтіруі мүмкін емес екенін айтқан болатын. Ал 2020 жылдың шілдесінде Дағыстанның бұрынғы премьер министрінің ұлы Муртузали Меджидовты күдікті деп таныды.  Ресейдің тергеу комитеті оған қатысты 105-бап бойынша ("Кісі өлтіру") қылмыстық ісін қозғап, кейін ол қамауға алынған болатын.  

А. Базарбай