Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қарағандыда әкімнің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков бір жарым жылға сотталды

AstanaTV
08.06.2021ж. 20:00
2224
Қарағандыда әкімнің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков бір жарым жылға сотталды

Қарағандыда әкімнің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков бір жарым жылға сотталды. Соттың бұл үкімі көпшілік үшін күтпеген жағдай болды. Оның 8 ай бойы уақытша қамауда отырғанын ескерсек, сотталушы көп ұзамай бостандыққа шығады.  Сот деректеріне сүйенсек, бұрынғы орынбасардың лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны дәлелденген. Ол жазасын төменгі қауіпсіздіктегі абақтыда өтейді.

Саян АҚҚОЖИН, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАЗЫБЕК БИ АТЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Шалабеков Жақсылық Рамазанұлы ҚР ҚК-нің 361 бабы 1- інші тармағымен кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жазасын төменгі қауіпсіздіктегі мекемеде өтейді, бұдан былай мемлекеттік құрылымдарда қызмет атқаруына тыйым салынады.


Еске салайық, Жақсылық Шалабеков былтыр қыркүйек айында қамалған болатын. Оған бюджет қаржысын жымқырды, - деген айып тағылды. Прокурор шенеунікті 8 жылға соттауды сұрады. Тергеу материалдарына сүйенсек, 3 жыл бұрын «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2 көп қабатты үй салуға бюджеттен 107 млн теңге бөлінген. Алайда құрылыс   жүрмеген. Жақсылық Шалабеков жұмыс басталмаса да мердігер компаниямен келісімшарт жасасып ақшаны аударып жіберген. Экс- шенеунік бұл кінәсін мойындағанымен ақша толығымен мемлекетке қайтарылғанын мәлімдеген болатын. Ал мердігер компания басшысы Ермек Қасенов бүгін 5 жыл шартты мерзімге сотталды.

А. Қуаш