$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылордада ұлттық жоба аясында салынған алғашқы медициналық нысан пайдалануға берілді

Қызылордада ұлттық жоба аясында салынған алғашқы медициналық нысан пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы ауыл-аймақтардың денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлуді тапсырған болатын. Соның негізінде Қызылорда облысында 27 медициналық нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның алғашқысы Нағи Ілиясов ауылында пайдалануға берілді.

Нағи Ілиясов ауылындағы дәрігерлік амбулатория 2002 жылы пайдалануға берілген. Онда 2 мыңнан аса халыққа көмек көрсетілген. Бірақ еш талаптарға сай келмейтін. Сондықтан басы ауырып, балтыры сыздаған халық амалсыз ауданға сабылатын. Бұл мәселенің оңтайлы шешілгеніне халық дән риза.

Гүлбахарам ӘЛШОРАЗОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Больницаға жататын болсақ, сыртқа барып, мына ауданға барып, облысқа барып жататын едік қой. Порталға тізіліп қойып. Енді мыне ауылымыздан ашылып жатқанына қуанып жатырмыз. Күндізгі бөлім бар екен жататын. Енді таңертең келіп жатып, кешке дейін берген емімізді алып қайтатынымызға қуаныштымыз.

Дәрігерлік амбулатория Мемлекет басшысының «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынған. Құны 402 млн. теңге болатын нысан заман талабына сай құрылғылармен жабдықталған.

Айнұр РАМАЗАНОВА, Н.ІЛИЯСОВ АУЫЛЫНДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯНЫҢ ДӘРІГЕРІ:

Бұрынғы кезде мысалы біз, биохимиялық анализ, қан талдаулары болсын соны ауданға таситынбыз. Қазіргі кезде осы талдауларды өзімізде жаңа аппарат бергеніне байланысты осында анықтауға мүмкіндік береді. Және бізде физиотерапия кабинеті ашылды. Халыққа, тұрғындарға өте қолайлы.

Жыл соңына дейін аймақта осындай 15 медициналық нысан пайдалануға беріледі. Салада одан да өзге ауыз толтырып айтар жұмыстар көп.

Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен денсаулық сақтау саласында зор жетістіктерге жетіп жатырмыз. Биыл біздің өңірде көпсалалы, көпбейінді құны 36 млрд 500 млн теңге тұратын аурухананың құрылысы Қызылорда қаласында басталды. Алдағы уақытта біздің елімізде үлкен 12 перинаталдық орталықтар салынады. Соның біреуі біздің өңірде салынатын болып шешім қабылданды.

Биыл облыстық бюджеттен медицина саласына 138 млрд 600 млн теңге бөлінген. Оған соңғы үлгіде жабдықталған бірқатар медициналық нысандардың құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, саладағы кезек күттілмейтін бірқатар мәселелер оң шешімін тапқан.