Мемлекет
қаржысын мақсатты жұмсай алмаған органдар белгілі болды. Үкімет отырысында
қаржы министрі Бақыт Сұлтанов олардың атын атап, түсін түстеді. Арасында
бірқатар министрліктер мен аймақтар да бар. Мәселен, Сыртқы істер министрлігі -
2,8 млрд, Ішкі істер министрлігі 1 млрд теңгені игере алмаған. Денсаулық
сақтау және әлеуметтік даму министрлігі - 1,2 млрд және Білім және ғылым
министрлігі - 0,6 млрд теңгені мақсатты жұмсамапты.
Аймақтар бойынша 133 млрд теңге игерілмеген. Ақшаны ұқсата алмаған өңірлер: Алматы мен Астана қалалары 26
млрд теңгеден астам, Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан облыстары 10 млрд
теңгеден астам қаржыны тиісті жеріне жұмсай алмады. Батыс Қазақстан мен Алматы
облысы 7 млрд теңгені игермеген. Алайда баяндама жасаған министрлер мен
әкімдер қалған қаражатты жыл соңына дейін игеруге уәде берді. Жалпы қаржы
министрі, мемлекеттік қаражаттың игерілуін былтырғы жылмен салыстырғанда жақсы, деп атады. Мақсатты жұмсалмаған қаржы - 7,5 млрд теңгені құрайды. Өткен
жылы 7,8 млрд теңге игерілмеген. Ал
Үкімет басшысы жылды 1 пайыздық өсіммен аяқтаймыз деген байлам жасады.
Бақытжан
Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:
11
айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 0,8 пайызды құрап отыр.
Бүкіл қазіргі резервтерді қосып, әкімдермен, өңірлермен сөйлесіп отырмыз,
компания басшыларымен хабарласып отырмыз, жалпы жылды 1 пайыздық өсіммен аяқтау
мүмкіндігі бар, осыған барлығымыз күш-жігерімізді салуымыз қажет.