$498.34 €519.72 ₽4.85
×

ҰҚК бірнеше облыста арнайы операция жүргізді

AstanaTV
21.12.2016ж. 20:00
2132
ҰҚК бірнеше облыста арнайы операция жүргізді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы, Ақтөбе және Атырау облыстары мен Алматы қаласында арнайы операция жүргізді. Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, шараның нәтижесінде 16 адам ұсталған. Олар діни алауыздықты қоздыру, тыйым салынған  ұйымдардың  іс-әрекетіне қатысу дерегі бойынша күдікке ілінді.  

Арнайы операция «Ат-Такфир уаль-Хиджра» экстремистік ұйымының ошақтарын бейтараптандыру бойынша жүрген. «Бұл ұйымдардың мүшелері «сенбеушілік үшін айыптау» немесе «такфир» деп аталатын ұстанымды насихаттайды. Олар «Әл-Каида», «ДАИШ» секілді террористік ұйымдардың идеологиясында құрылған. Сирия мен Ирактағы террористердің іс-әрекетін қолдайды, еліміздің конституциялық заңдары мен зайырлы басқару түрін мойындамайды» делінген баспасөз баянында. Аталған ұйым 2014 жылы сот шешімімен экстремистік деп танылып, оның әрекетіне Қазақстан аумағында тыйым салынған.