Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Ұлттық қор 26,8 трлн теңгеден 29,1 трлн теңгеге ұлғайды

AstanaTV
09.01.2024ж. 14:33
511
Ұлттық қор 26,8 трлн теңгеден 29,1 трлн теңгеге ұлғайды

2023 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың түсімдері 6,4 трлн теңгені құрады, оның ішінде мұнай секторының түсімдері - 4,6 трлн теңге және инвестициялық кіріс - 1,8 трлн теңге.

2023 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттер түрінде 4,1 трлн теңге бағытталды.

Осылайша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың таза түсімдері 2,3 трлн теңгені құрады. Нәтижесінде 2023 жылы Ұлттық қордың активтері 26,8 трлн теңгеден 29,1 трлн теңгеге дейін өсті.

Сонымен қатар, бірқатар БАҚ-та 1,3 трлн теңге «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) акцияларын сатып алуға жұмсалғаны жазылды. Бұл қате тұжырым, себебі Ұлттық қордың 1,3 трлн теңге мөлшеріндегі қаражаты жұмсалған жоқ, ҚМГ акцияларына инвестицияланды. Яғни, мұны Ұлттық қордан қаражат алу деп қарастыруға болмайды. Ұлттық қор қаражатын ҚМГ акцияларына, басқа да қаржы құралдарына орналастыру 2030 жылға дейінгі ҚР Мемлекет қаржысын басқару тұжырымдамасына және Ұлттық қор активтерін орналастыруға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесіне сәйкес жүргізіледі.

Нәтижесiнде Ұлттық қордың портфелiнде елдiң iрi мұнай-газ компаниясы болып табылатын ҚМГ акциялары пайда болды, олардың акциялары Қазақстан эмитенттерiнiң құнының өсуi тұрғысынан да, дивидендтiк төлемдердiң едәуiр көлемi тұрғысынан да тұрақты кiрiстiлiктi көрсететiн неғұрлым өтiмдi бағалы қағаздарының бiрiне айналды.