Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Боксшылар Италияның Милан қаласында өтетін лицензиялық турнирге дайындықты бастап кетті

AstanaTV
09.01.2024ж. 14:51
478
Боксшылар Италияның Милан қаласында өтетін лицензиялық турнирге дайындықты бастап кетті

Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Азиз Қожамбетовтің айтуынша, боксшыдлар лицензиялық турнирге дейін екі дайындық кезеңіне қатысады.

"Қазіргі таңда команда Алматыда жаттығу жиынын өткізуде. Бұл кезеңде жалпы дене жаттығуына көңіл бөлінеді. Ал турнир жақындаға арнайы физикалық дайындық басталады. Сол жиынға қатысуға шетелдік командалар да сұранып отыр. Атап айтар болсақ, Иран мен Әзербайжан командасы келеді. Сондай-ақ, тағы бірнеше мемлекет өтініш білдіруде", - деді Қожамбетов.

Лицензиялық турнирге қатысатын боксшылар тізімі кейінірек жарияланады.