Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Павлодарлық тұрғындар қар тазалау жұмысының мардымсыз жүргізілгеніне наразы

AstanaTV
23.12.2016ж. 20:00
3606
Павлодарлық тұрғындар қар тазалау жұмысының мардымсыз жүргізілгеніне наразы

Павлодарлықтар қала көшелеріндегі қардың дұрыс тазаланбай, қозғалысты қиындатқанына ашулы. Қар тазалау жұмысы тіпті орталық көшелерде де ақсап тұр. Бірнеше күн толассыз жауған қар коммуналдық қызмет өкілдерін әбігерге салған. Әсемгүл Мұхитқызы толығырақ.

Үлкен көшелер тазалайды. Ал, кішігірім, ауланың ішінде, үйлердің арасында тазаланбайды.

Биыл енді ауа райы солай болып тұр ғой.

Судя по сугробам, снег плохо чистится, очищается. И улицы нашего города достаточно сильно заполнены, перегружены снегом.

Павлодарлықтар талабымыз қар тазалаушыларға жетсе дейді. Қарапайым халық толассыз жауған қарды дер кезінде тазартуға коммуналды қызмет өкілдері асығар емес деп наразы. Көше бойы мен автокөліктер жүретін жолдар қалың қарға толған. Салдарынан қозғалыс қиындап ел діттеген жеріне жете алмай әуре.

Әсемгүл Мұхитқызы, тілші:

Бұл Павлодардың орталығындағы 1 мамыр көшесі. Мұнда көлік қозғалысымен қатар, трамвай бағыты да орналасқан. Байқап отырғанымыздай, жол жиегі мен тратуарлар үйінді қардың астында қалған. Соның салдарынан мұндағы жер үйлерге кіріп-шығудың өзі қиындай түскен.

Бұл аумақпен қар тазалау техникасы жүріп өткен. Алайда, олар әр жерге үйіп кеткен қар тау болып қала берген. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің ақпаратынша, мұндай жұмыстар талапқа сай келмейді.

Николай Казанин, Павлодар қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары:

Қарды шығаруға келгенде біз жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік шаралар ұйымдастырамыз. Жеке сектор мен шағын және орта бизнес өкілдеріне абаттандыру ережесін сақтауға байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. 

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, қар тазалау күндіз де, түнде де, демалыссыз жүргізіліп жатқанымен, техникалар үлгере алар емес. Жалпы бұл шаруаға 200 бірлік техника мен 200-ден астам жұмысшы тартылған. Ал, бюджеттен 200 млн теңге қаржы бөлініпті. Синоптиктердің болжамы да көңіл жұбатарлық емес. Алдағы бірнеше күн ашық болғанмен, желтоқсанның 28-нен күн қайта суытып, қалың қар жауып, боран соғады деген болжам бар.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ