Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Берлинде теракт жасаған күдікті атылды - Corriere della Sera

AstanaTV
23.12.2016ж. 20:00
2267
Берлинде теракт жасаған күдікті атылды - Corriere della Sera

Берлинде теракт жасады деген күдікке ілінген жанкешті Миланда оққа ұшты. Италияның «Corriere della Sera» басылымы осылай деп жазды. Неміс полицейлері тағы бір күдікті 24 жастағы тунис азаматы әлі күнге дейін Берлинде болуы мүмкін деп отыр. Ал, Амридің бейне бақылау камерасына түсіп қалғаны белгілі болды. Кадрларда оның шахар орталығындағы мешіттен шығып бара жатқаны анық көрінеді. Германия прокуратурасы күдіктіні тұтқындауға ордер берген.

Еске салсақ, 19 желтоқсанда жүк көлігі рождестволық жәрмеңкеде адамдарды жайпап өткен болатын. 12 адам қаза тауып, 50-ге жуығы жараланған. Теракт үшін жауапкершілікті ДАИШ содырлары мойнына алды.

Фрауке Келер, Германия федералдық прокуратурасының баспасөз хатшысы:

Бізде тергеудің алғашқы нәтижелері бар. Жүк көлігінің есігінен саусақ іздері табылды. Көлік тізгінінде Амридің өзі болғанына сенімдіміз. Оны іздестіруде федералды полициямен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз.