Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қазақстандық биатлоншылар Олимпиада эстафетасында ондыққа енді

AstanaTV
21.01.2024ж. 11:14
1116
Қазақстандық биатлоншылар Олимпиада эстафетасында ондыққа енді

Канвондағы (Оңтүстік Корея) қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында биатлоннан аралас эстафета жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бұл сында Қазақстан намысын Ілияс Хасенов пен Алема Қарабаева қорғаған болатын. Біздің биатлоншылар оныншы орыннан көрінді.

Аралас эстафетада Франция құрамасы топ жарса, Германия - екінші, Норвегия үшінші нәтиже көрсетті.