Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Батыс Қазақстанда екі жол апатынан 4 адам көз жұмды

AstanaTV
21.01.2024ж. 11:36
948
Батыс Қазақстанда екі жол апатынан 4 адам көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында екі жол апатынан 4 адам көз жұмды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, екі оқиға да 20 қаңтар күні Орал-Атырау жолында болды. Бұл туралы Ақмешіт жастары хабарлайды. 

«Сағат 16.55-те Ақжайық ауданы Самал ауылы маңында 1983 жылғы өзбекстандық азамат „Мазда СХ-7“ автокөлігімен қарсы бетке шығып кеткен. Сөйтіп „ДАФ“ жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісіне қоса 1984 жылғы әйел мен 2012 жылғы жасөспірім ұл оқиға орнында қаза тапты. 2009 жылғы жасөспірім Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Бұлардың барлығы — Өзбекстан азаматтары.

Екінші жол апаты таңғы сағат 09.00 шамасында Орал-Атырау жолының 79-шақырымында болды. 1963 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «Volkswagen Passat» автокөлігінің алдыңғы дөңгелегі жарылған. Содан қарсы бетте келе жатқан жүк көлігімен түйісіп, «Volkswagen Passat» жүргізушісі оқиға орнында мерт болды.

«Қазіргі кезде осы оқиғалар бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, «Мазда СХ-7» автокөлігінде бір отбасы мүшелері болған. Ерлі-зайыптылар мен олардың кіші ұлы қайтыс болған. 14 жасар үлкен ұлы аудандық ауруханада, оған ота жасалуда.