$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстандық биотехнолог қатерлі ісікке қарсы препарат жасап шығарды

23.01.2024ж. 20:00
1048
Қазақстандық биотехнолог қатерлі ісікке қарсы препарат жасап шығарды

Отандасымыз, биотехнолог Дос Сарбасов қатерлі ісікке қарсы дәрі ойлап тапты. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, инновациялық дәріні алдымен қоян мен тышқанға сынаған. Кейін онкология университетінде қатерлі ісікпен ауыратын 15 адам сынақтың бірінші кезеңнен өткен. Препаратты келер жылы нарыққа шығару жоспарланып отыр дейді министр.

Саясат НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:

Дос Сарбасов деген біздің атақты ғалымымыз. Техас онкологиялық университетінің Андерсон зертханасында ұзақ уақыт жұмыс істеді. Қайтты Қазақстанға. Үлкен рахметімізді алғысымызды айтымыз ағамызға. Қазіргі таңда біздің Ұлттық лабараториямыздың басшысы. Жалпы биотехнолог өзі. Бірақ онкология саласында жұмыс істейді. Міне менің қолымда қазір тұңғыш Қазақстанда шығарылған онкологиялық дәрі-дәрмек ДВС деген.

Сондай-ақ, отандық өнертапқыштар жаңа иіссу жасап шығарды. Алматыдағы Сәтбаев университетінде ашылған 2 эксперименттік зертхана өз өнімдерін таныстырды. Парфюмды жасап шығарған «Болашақ» бағдарламасының түлектері Гүлжан Түзелбаева мен Ербол Сағатов иіс судан бөлек, тұрмыстық химия заттарын шығаратын команда құрып жатыр.