$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Балаларды дамыту орталықтарының қызметі 3% қымбаттады

AstanaTV
23.01.2024ж. 23:08
3313
Балаларды дамыту орталықтарының қызметі 3% қымбаттады

Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру саласындағы қызмет бір жылда 6% қымбаттады, деп хабарлайды finprom.kz.

2023 жылғы желтоқсанның соңында мектепке дейінгі және бастауыш білім беру қызметі бір жылда 5,6%, балаларды дамыту орталықтарының қызметі 2,9% қымбаттады,

Өңірлер бойынша мектепке дейінгі және бастауыш білім беру қызметі ең көп Ұлытау облысында қымбаттады: бір жылда 29,5%. Одан кейін Батыс Қазақстан (18%) және Шығыс Қазақстан (17,9%) облыстары. Саладағы ең аз жылдық баға өсімі Шымкент қаласында тіркелді: 0,3%.

Балаларды дамыту орталықтары қызметінің қымбаттауы Маңғыстау облысында ең көп болды: бір жылда 26,6%. Бағаның ең аз өсімі Астанада байқалды: 1,5%. Тағы үш өңірде — Ұлытау мен Алматы облыстарында, сондай-ақ Алматыда баға өзгеріссіз қалды.