$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«AMANAT» партиясы ерекше балаларға арналған оңалту қызметін қолжетімді қылады

26.01.2024ж. 20:00
992
«AMANAT» партиясы ерекше балаларға арналған оңалту қызметін қолжетімді қылады

«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов азаматтарды қабылдады. Қоғамдық қабылдауға қатысқандар партия Төрағасына ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау, медициналық пункттер салу және заңнамаға түзетулер енгізу сынды бірқатар мәселемен жүгінді. Соның ішінде, ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған қызметтерді жетілдіру мәселесі өзекті екені айтылды. Себебі арнайы балабақшалардың қызмет ақысы айына 250 мың теңгеден 800 мың теңгеге дейін өзгеріп отырады. Бұдан өзге, салада маман тапшы. Диагностикалық процедуралар кезегі үш айға дейін созылады. Партия төрағасы Ерлан Қошанов ерекше қажеттілігі бар балаларды жан-жақты қолдау мәселесін «AMANAT» партиясы әрдайым жіті бақылауда ұстайтынын айтты. Былтыр партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында 8 ерте араласу орталығы ашылған. Сондай-ақ мектеп қабырғаларында 61 инклюзия сыныбы жұмыс істеп тұр.