$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мәжіліс депутаттары өңірлерді аралап жүр

AstanaTV
04.01.2017ж. 20:00
2369
Мәжіліс депутаттары өңірлерді аралап жүр

Мәжіліс депутаттары қостанайлық шаруалармен кездесті. Ауыл шаруашылығы саласына қатысты қабылданған заңдардың жергілікті жерлерде қалай жүзеге асып жатқанынан хабардар болды. Парламент «100 нақты қадам - ұлт жоспары» шеңберінде 52 заң қабылдаған. Солардың кемшін тұстары болса қайта қарап, толықтыру басты мақсатымыз,  - дейді мәжілісмендер. «Агроөнеркәсіп саласын дамытудың 2017-21 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы» да талқыға салынды. Сала министрлігінің өкілдері бағдарламаға жан-жақты талдау жасап, қабылданған құжаттың тауар өндірушілер мен кәсіпкерлерді қолдауға және заң тұрғысынан қорғауға бағытталғанын атап өтті.

Сапархан Омаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Негізігі мақсат - «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасында жарияланған мақсаттардың орындалуы жайлы есеп беру. Содан кейін жоғарыда айтылған қабылданған заңнамалардың іске асуымен танысу. Сол арқылы қандай заңдарға қандай өзгерістер енгізу керек, сондай жұмыспен келіп отырмыз.

Сондай-ақ, мәжіліс депутаттары Маңғыстау өлкесіне ат басын бұрды. «Нұрлы жол» және индустриалды-инновациялық даму  бағдарламасының  жүзеге асу барысымен танысты. Бір айдан кейін Құрық кентінде жаңа теңіз порты жұмысын бастамақ.  Жобаның құны 32 миллиард теңге. Биыл қоршау құрылысы толық аяқталса, кемежай айдынын желден қорғауға және үздіксіз жұмыс істеуге мүмкіндік бермек.

Игорь Проценко, «Құрық  порт» ЖШС  байланыс және ақпараттық технология бөлімінің жетекшісі:

2017 жылдың соңына дейін 178 кемені қабылдау жоспары бар. Жылына шамамен 540 мың тонна жүк тасымалданады. Бұл  ең төменгі  көлем, ал шынтуайтына келсек,  одан да көп.