Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Түркістан облысында бір мектептің оқушылары мен мұғалімдері жаппай уланып қалды

Түркістан облысында бір мектептің оқушылары мен мұғалімдері  жаппай уланып қалды

Түркістан облысында бір мектептің оқушылары мен мұғалімдері жаппай уланып қалды. Оқыс жағдай Сарыағаш ауданына қарасты Ынтымақ ауылында болған. Сенбі күні Майлықожа атындағы №9 мектепте аяқ асты әктеп-сырлау жұмыстары жүргізіліп, оған мұғалімдер мен кіші қызметкерлер шақыртылған. Ал бүгін сабаққа келген балалардың бірінен соң бірінің бастары ауырып, өткір иіске уланып қалды. Отызға жуық оқушы мен тоғыз мұғалім ауруханаға жеткізілді. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне қайтарылған. Мектепте оқу үш күн онлайнға ауыстырылды, тексеру жұмыстары басталды.