$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"МӘМС жүйесі реформаланады", - Премьер-министр

09.02.2024ж. 20:00
868
"МӘМС жүйесі реформаланады", - Премьер-министр

МӘМС жүйесі реформаланады. Қаражатты тиімсіз жұмсау мен артық жалған тіркеулер бола тұра оны қаржыландыруды ұлғайтуға жол берілмейді. Үкімет басшысы осылай деді. Сондай-ақ, қаржы министрлігіне 10 күн ішінде Республикалық бюджетке, 1 ай ішінде жергілікті бюджеттердің барлығына ревизия жүргізіп, аса маңызы жоқ шығыстарды қысқартуды тапсырды. Министрлерге жұмыс қарқыны қауырт, ал талап қатаң болатынын ескертті.

Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Үкімет алдына жаңа экономикалық бағдарды іске асыру жөнінде нақты міндеттер қойылды. Бұл міндеттерді іске асыру үшін Мемлекет басшысы атап өткен барлық 10 бағыт бойынша экономиканы дамытудың ұзақ мерзімді кезеңге арналған жүйелі пайымын тұжырымдау керек. Өсу қарқынын тиімді ұлғайту, экономиканы әртараптандыруды белсендірек жүргізу, инвестиция тарту және барлық салалық проблемаларды шешу үшін үкіметке жеткілікті өкілеттікер берілген. Министрлер өз бетінше шешім қабылдай білуі тиіс.