$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Соңғы екі күнде ел аумағында 9 мыңға жуық адам уақытша тіркелген

AstanaTV
09.01.2017ж. 20:00
2407
Соңғы екі күнде ел аумағында 9 мыңға жуық адам уақытша тіркелген

Соңғы екі күнде ел аумағында 9 мыңға жуық адам уақытша тіркеліп үлгерген. Халыққа қызмет көрсету орталықтары күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшкен. Бұдан былай кісі қарасы көп орталықтар аптасына 6 күн, таңғы сегізден кешкі сегізге дейін жұмыс істемек.

Қала тұрғындары өздері тіркелетін аудандағы халыққа қызмет көрсету орталығына баруы міндетті емес. Орталықтар кез-келген қала тұрғынын қабылдайтын болады. Алайда, электронды үкімет порталы арқылы тіркелу әзірге мүмкін емес. Өйткені көші-қон полициясы ғаламтор арқылы қызмет көрсетуге қауқарсыз болып отырған көрінеді.

Дәулет Бекманов, Халыққа қызмет көрсету департаменті басшысының орынбасары:

ХҚКО-на келмей-ақ, электронды тіркеуге тұруға әзірге болмайды. Біз оған дайынбыз, егер ІІМ оған келісім жасаса, электронды үкімет парталына ол қызметті енгіземіз. Ол қызметке ІІМ жауапты, біз қалай айта аламыз? 

Саламат ОМАШ