Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Монғолия қазақтарының театр тарихы» және «Керуен ғұмыр» кітаптарының тұсауы кесілді

AstanaTV
01.03.2024ж. 20:00
496
«Монғолия қазақтарының театр тарихы» және  «Керуен ғұмыр» кітаптарының тұсауы кесілді

Жазушы Тайф Тәукейұлының "Монғолия қазақтарының театр тарихы" және "Керуен ғұмыр" атты кітаптарының таныстырылымы өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, ақын, жазушылар қатысты. Ғұмырнамалық кітап Қазақстан Жазушылар одағы мен «Отандастар» қорының қолдауымен басылып шыққан. Алғашқы кітапта ұлттық театрдың қалыптасуы, оның негізін қалаушылар, әр кезеңдегі даму үдерісіне атсалысқан тұлғалар туралы баяндалады. Ал "Керуен ғұмырында" Атажұртқа ат басын бұрған қандастардың ғұмырынан сыр шертілген.

Тайф ТӘУКЕЙҰЛЫ, ЖАЗУШЫ, ӨНЕРТАНУШЫ:
Монғолия қазақтарының 70 жылдық толық энциклопедиясының тарихы. Жәй драмадан операға дейін ойнаған тарихи орны бар театр. 40-50 жыл жинаған материалдарымды ақтарып кітап етіп тапсырдым. Жеке тапсырыспенен 3000 дана бастырып шығарды.

Асылбек БАЙТАНҰЛЫ, «ӘДЕБИЕТ ПОРТАЛЫ» ИНТЕРНЕТ-ЖОБАСЫНЫҢ ШЫҒАРУШЫ РЕДАКТОРЫ:

Осы жылы осы кісінің соңғы жылдары өнімді еңбектеріне куә болып отырмыз. Қазақ өнерінің мәдениетінің бөлшегі. Монғолияда өмір сүрген қазақтардың 92- жылғы қызметін, туған жері ата-бабасының бүкіл қимасын тастап отанға оралған бір буынның өмірі туралы.