$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«7 континент» бизнес орталығындағы кәсіпкерлер Елбасыға хат жазды

AstanaTV
20.01.2017ж. 20:00
2533
«7 континент» бизнес орталығындағы кәсіпкерлер Елбасыға хат жазды

«7 континент» бизнес орталығындағы кәсіп иелері Елбасыға ашық хат жазды. Өтініш Астанада өткен баспасөз мәслихатында оқылды. Олар "3 рет бейбіт митинг өткізу үшін Астана әкімінен рұқсат сұрап "жоқ" деген жауап алдық" дейді. Ұлттық банкке жазған хаты мүлде жауапсыз қалған. Бизнес иелері мен «Нұрбанк» арасындағы дау сотқа жетіп, ақыры кәсіпкерлер процесте жеңіліс тапқан. Сот 28 кәсіпкерге тиесілі коммерциялық алаңдар банкке берілсін деп шешкен. Себебі аталған орталықты салғандар осы банктен несие алған. Бірақ наралызық білдірушілер банк қаржысын бізден емес, ғимаратты салған компаниядан талап етсін,- дейді.

Мұхтар Тұлақбаев, бастамашыл топтың мүшесі:

«Нұрбанк» пен ғимаратты салушы компания келісіп алған сияқты пікір қалыптасады. Олар, құрылыс иелері барлық нысандарды сатып болғанша, күтеді. Мен иелігімдегі ғимаратты компанияның тікелей өзінен алған жоқпын. 1-1,5 жыл осы жерді қолданып келеміз. Енді міне, «Нұрбанк» сотқа беріп біздің  телімді алуды көздейді.

Меншік иелері - бұл жердің бірінші қожайыны емес. Банк осы уақытқа дейін қарызын қалайша ойламады деген сұрақ туындайды,-дейді олар. Бұл жерді алмас бұрын барлығы №2 формадағы анықтама алған. Сауда алаңдарына бұғаттау қойылмапты. Әділет департаменті де ешқандай заң бұзушылық таппаған.

Марат Бишаров, заңгер:

Келісім нотариус арқылы рәсімделген. Олар да заңнан хабары бар мамандар ғой. Барлық сатып алынған тұрғын емес үй-жайлар жайында ақпарат Астана қаласының әділет департаментінде бар. №2 форманы берген де осы мемлекеттік мекеме. Нотариуста куәландырылған соң сатып алушылар әділет департаментіне барып келісімдерін тіркеткен. Осы ретте тағы айтайын, әділет департаменті бұл келісімнің заңдылығын тексерген.