Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Контрабандалық жүк. Құны 1 млрд теңгеден асатын темекі өнімдерінің ірі партиясы анықталды

AstanaTV
27.03.2024ж. 23:11
1274
Контрабандалық жүк. Құны 1 млрд теңгеден асатын темекі өнімдерінің ірі партиясы анықталды

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан-Қырғыз шекарасында контрабандалық жүкті тасымалдаудың жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 23 наурызда «Айша бибі» автомобиль өткізу пунктінде ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті алдын ала бағалау құны 1 млрд теңгеден асатын темекі өнімдерінің ірі партиясын анықтады.

Аталған тауар азық-түлік түрінде тасымалданып, ілеспе құжаттары болмаған.

Ұсталған жүк тергелуі бойынша әрі қарай іс жүргізу үшін Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.