Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қарулы күштердің әскери қызметшілері Оралға барды

AstanaTV
27.03.2024ж. 21:21
648
Қарулы күштердің әскери қызметшілері Оралға барды

Батыс Қазақстан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының жүзден аса әскери қызметшісі су басуға қарсы жұмыс жүргізу үшін Орал қаласына келді.

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде су тасқынына қарсы жүргізілген алдын алу шараларына қарамастан, қардың еруі мен нөсер жаңбыр салдарынан облыс орталығының бірқатар ауданын су басу қаупі туындап отыр.

Полковник Расул Зәкіровтың басшылығымен 99250 әскери бөлімінің әскерилері бір тәулік ішінде тұрғын үйлерді, әкімшілік ғимараттар мен жолдарды су басудан қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр.

Бұл ретте 5 мыңнан астам құм салынған қап дайындалды, олар еріген суға бөгет болады. Бірнеше жүз метрлік кедергілер салынды, бұл су ағындарын алдын алуға көмектеседі.

Бригаданың жеке құрамы ауысыммен жұмыс істеуде және шаруашылық объектілері мен азаматтардың мүлкіне залал келтірмеудің бар амалы қарастырылып жатыр.