$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматы облысында 3 жасар қыз 12 күннен бері табылмай жатыр

Алматы облысында 3 жасар қыз  12 күннен бері табылмай жатыр

Алматы облысында 3 жасар қыз 12 күннен бері табылмай жатыр. Оны іздеуге тікұшақ та жұмылдырылды. Сондай-ақ, дрондар мен иттер, атты сарбаздар мен жергілікті тұрғындар іздеп жатыр. Бірақ, бүлдіршін ізім-ғайым жоқ.

Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында тұратын бүлдіршін 17 наурыз күні үйінен шығып кеткен. Содан жоқ. Полицияға анасы хабарласыпты. Бүлдіршінді іздеуге құтқарушылар, еріктілер, ауыл тұрғындары, әскери қызметкерлер жұмылдырылды. 300 адам жан-жақтан іздеп, қызды таба алмай жатыр.

Сәуле АЛИПОВА, БАЛТАБАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Көрші округтің, көрші ауылына жақын орналасқан шаруа қожалықтары жерлеріне іздестіру жүргізілуде. Сонымен бірге жоғалған қыздың тұрған үйіне 30 метр қашықтықта орналасқан «Безымянный» көлінің суын 2 метрге түсіру жұмысы жүргізілуде. Бұл бір апта уақыт алатын жұмыс. Сондықтан іздестіру жұмыстары әлі де жалғасын табатын болады.

Кішкентай балалар көбіне қараусыз көшеге шығып кеткеннен, автобуста ұйқтап қалғаннан жоғалатын көрінеді. Бірер күн бұрын қалада тағы бір оқиға болды. Кішкентай баласын жақындары автобуста ұмытып кеткен. Қоғамдық көлік жүргізушісі оны патрульдік полицияға табыстағаны туралы желіде тарады. Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, баланың туыстары табылған.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

"Ата-анасы бірнеше минуттың ішінде табылды. Бала оларға тапсырылды. Барлығы жақсы"

Сондай-ақ, 15-тегі жасөспірім бірнеше күн жоғалып кетіп, табылды. Оны 500-ден астам адам іздеген.

Дильмира БЛАЦ, «ЛИДЕР.КЗ» ЕРІКТІЛЕР ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Балалар әсіресе жазғы мезгілде жиі жоғалады, яғни жазғы демалыс кезінде. Оған күзгі және қысқы демалысты қосыңыз. Статистика бойынша көбіне өтпелі кезеңдегі жасөспірімдер жиі хабарсыз кетеді. Оның негізгі себебі балалардың отбасымен, достарымен ренжісіп, түсініспеуі. Көп жағдайда біз оларды компьютер клубтарынан, вокзалдан, парктерден тауып жатамыз.

Еріктілердің айтуынша, былтыр жоғалу дерегі бойынша ересектер мен балаларды қосқанда 796 өтініш түскен. Оның 645-і тірі болса, 35-нің мәйіті табылған. Балалардың жоғалуы әлемдік мәселеге айналған. Халықаралық құқық қорғау ұйымдарының мәліметіне сенсек, жыл сайын Еуропа елдерінде — 70 мың, АҚШ-та – 1,5 млн, Ресейде – 15 мыңға жуық бала жоғалатын көрінеді.