Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ясауи университетінің ғалымдары телескоп жасап шығарды

AstanaTV
31.03.2024ж. 15:14
502
Ясауи университетінің ғалымдары телескоп жасап шығарды

Ахмет Ясауи университетінің ғалымдары «STEM және креативтілік» оқу-зертханасында 3D-принтерлер мен басқа да жабдықтардың көмегімен телескоп жасап шығарды.

Құрылғы оқу орны ғалымдары іске асырып жатқан «Инженерлік-техникалық салаларда STEAM білім беру негізігде студенттерді ағылшын тілінде даярлау үдерісін дамыту» гранттық жоба аясында әзірленді.

Зерттеу тобы құрамында: жоба жетекшісі – Физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Шерзод Раманкулов, PhD Бақытжан Курбанбеков, магистр оқытушылар Серік Полатұлы, Нұрқожа Жақсылық, докторант Қажымұқан Келесбаев, магистрант Яхё Каримжанов және т.б. жас ғалымдар бар.

Зерттеушілер жасап шығарған телескоптың жұмыс істеу принципі мен құрылысына сәйкес бөлшектері толық 3D-принтерлерде басып шығарылды. Ғалымдар телескопты студенттермен бірге тексеруден өткізді.

Айдың анық кескіні мен айдың бізге көрінетін бөлігіндегі қара дақтар суретке алынды.