Алматы қаласы мен облыс аумағында бұған дейін іздеу жарияланған екі ер адамның денесі табылды,деп хабарлайды Astana TV.
Олардың біріне іздеу салынғанына бір жылдан астам уақыт өткен. Бұл туралы LIDER.KZ іздестіру-құтқару еріктілер тобы әлеуметтік желіде хабарлады.
Марқұмдардың бірі — 1985 жылы туған Мұрат Байтуов. Ол 17 қараша күні таңертең Есік қаласындағы баспанасынан шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған еді. Еріктілер мен іздеу топтарының жұмысы нәтижесінде төрт күннен кейін, 21 қарашада оның мәйіті табылды. Қазіргі таңда өлімнің нақты себебін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.
Екінші азамат — 1971 жылы туған Қалдыбай Беринбетов. Ол 2025 жылдың 8 қарашасында Алматының Алатау ауданындағы үйінен шыққан күйі қайта оралмаған. Арада бір жылдан астам уақыт өткен соң, биыл 20 қарашада оның да денесі табылғаны белгілі болды.
Құқық қорғау органдары екі жағдайдың да мән-жайын тексеріп жатыр.