$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«SCAT» әуе отынының бөлінуіне қатысты түсінік берді

AstanaTV
24.01.2017ж. 20:00
2872
«SCAT» әуе отынының бөлінуіне қатысты түсінік берді

Ал «SCAT» әуе компаниясының өкілдері мемлекеттік авиация өздерінің тарапына мұндай пікір тудырып жатқанын түсіне алар емес. Олардың пайымынша, осындай жолмен Азаматтық авиация саласына БАҚ арқылы қысым жасалуда дегене пікірімен компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі біздің арнаға берген сұқбатында бөлісті. 

Виктория Старожилованың берген ақпарына сүйенсек,  2017 жылға кестеге сәйкес бекітілген отын небәрі 35 мың 755 тонна. Ал биылғы жылға «SCATқа» қажет  әуе отыны 120 мың тонна мөлшерінде болуы тиіс екен. Бұл биылғы жылғы жоспар ауқымы ұлғайып, бағыттардың артуына байланысты. Сондықтан жетпеген отынды Ресей және өзге де отын қорларынан алуға тура келеді, - деді компания қызметкері. Ал Air Astana и Qazaq Air әуе компанияларының SCAT-тың ұшақтары артық алып жатыр деген мәлімдемесі негізсіз деп санайды.

Виктория Старожилова, «SCAT» әуе компаниясы» АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы:

Бұл жерде бір сұрақ туындайды: Мемлекеттік әуе компанияларының түпкі ойы не?! Және осылай әрекет ету арқылы SCAT әуе компаниясы мен Азаматтық авиация комитетіне бағыттап сын айтуына не түрткі? Менің ойымша, бұл жерде барлығы түсінікті секілді. Яғни БАҚ арқылы қысым көрсету арқылы Азаматтық авиация комитетінен отынды көбірек алуды көздеп отыр деп айтар едім.