Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Тасқыннан зардап шеккендерге заңгерлік кенес беретін жедел желі іске қосылды

05.04.2024ж. 20:00
290
Тасқыннан зардап шеккендерге заңгерлік кенес беретін жедел желі іске қосылды

Су тасқынынан зардап шеккендер тегін заңгерлік кеңес алады. Еліміздің барлық аймағында жедел желі іске қосылды. Жобаны «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруда. Енді еліміздің барлық облыстарында азаматтар жедел желі арқылы заңгерлердің көмегіне жүгіне алады. Барлық өтініш білдірушілердің ұялы байланыс немесе WhatsApp қосымшасы арқылы су тасқыны кезіндегі залалдың орнын толтыру, өтініш беру және қажетті құжаттар тізіміне қатысты тегін кеңес алуға мүмкіндігі бар.

Дидар СМАҒҰЛОВ, «ӘДІЛДІК ЖОЛЫ» РҚБ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Барлық құжаттарды дұрыс рәсімдеу – бұл су тасқыны келтірген залалдың өтелетініне және барлық өтемақылардың төленетіндігіне кепілдік. Рәсім аса күрделі емес: жергілікті әкімдікке өтінім беру қажет, содан кейін мүлікті бағалау жүргізіледі. Алайда, адамдардың қазір қандай күйде екенін ескерсек, біреудің қателесуі немесе процедураларды уақытылы аяқтамау қаупі бар. Осыған байланысты азаматтарға телефон арқылы тегін кеңес беру мен заң көмегін іске қосуды ұйғардық.

ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ

1. Астана қаласы Құлжамбеков Дархан Болатұлы 8 708 555 33 01
2. Алматы қаласы Мақұлбаев Бауыржан Есенгелдіұлы 8 708 555 33 02
3. Шымкент қаласы Егембердиев Талғат Қылышбекұлы 8 708 555 33 17
4. Ақмола облысы Жайықбаев Ерлаз Мұхтарұлы 8 708 555 33 03
5. Ақтөбе облысы Байменов Асылбек Зинелғаппарұлы 8 708 555 33 04
6. Алматы облысы Кулумбаев Дәулет Сайлаубайұлы 8 708 555 33 05
7. Жетісу облысы Кулумбаев Дәулет Сайлаубайұлы 8 708 555 33 19
8. Атырау облысы Ахметова Дариға Әлімқызы 8 708 555 33 06
9. Шығыс Қазақстан облысы Пшенов Әділ Серікұлы 8 708 555 33 16
10. Жамбыл облысы Жувандикова Назима Норманбекқызы 8 708 555 33 08
11. Батыс Қазақстан облысы Ахметжан Бауыржан Закиұлы 8 708 555 33 07
12. Қарағанды облысы Танишпеков Рустам Фаритұлы 8 708 555 33 09
13. Ұлытау облысы Танишпеков Рустам Фаритұлы 8 708 555 33 20
14. Қостанай облысы Байлин Асет Мерейұлы 8 708 555 33 10
15. Қызылорда облысы Бақтыбаева Ляззат Шайзадақызы 8 708 555 33 11
16. Маңғыстау облысы Жақсыбаев Асқар Базарғалиұлы 8 708 555 33 12
17. Павлодар облысы Каирденова Нұргүл Аментайқызы 8 708 555 33 14
18. Солтүстік Қазақстан облысы Нұрахметова Айнагүл Сабырқызы 8 708 555 33 15
19. Түркістан облысы Қалыбек Амангелді Ілесбайұлы 8 708 555 33 13
20. Абай облысы Казенов Роллан Рахметуллаұлы 8 708 555 33 18