Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

+40°С. Мамыр айында күн қатты ысиды

AstanaTV
18.04.2024ж. 21:36
292
+40°С. Мамыр айында күн қатты ысиды

"Қазгидромет" РМК алдағы мамыр айына арналған ауа райы болжамымен бөлісті.

Ресми хабарламада мамыр айында жазғы атмосфералық процестерге көшу жүзеге асырылатыны баса атап көрсетілген.

"Көпжылдық мәліметтерге сәйкес, оңтүстік аймақтарда айдың бірінші жартысында, ал солтүстік аймақтарда айдың соңына карай тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауады, бұршақ түсіп, жел соғады деп күтіледі. Айдың басым бөлігінде сынап бағаны жоғарылап, негізі мамыр айы ыстық болады деп болжанады",-деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі. 

Мәселен, республикамыздың солтүстік жартысында күндіз температура +25...+35°C дейін, оңтүстік бөлігінде +30...+40°C дейін ысуы мүмкін.