$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ресейден әкелінген қызанақтан вирус анықталды

Ресейден әкелінген қызанақтан вирус анықталды

Ресейден әкелінген қызанақтар зиянды болып шықты. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар 2700 дана пакеттегі қызанақтың тұқымдары қауіпті вируспен залалданғанын анықтады. Өнімді елорда аумағына кіргізуге тыйым салынды. Ал бұған дейін жеткізілген зиянды қызанақтар қаладағы мамандандырылған пеште өртелді. Өнімнің қоңыр қатпарлы вирусы тұқымдарда сақталады және байланыс арқылы оңай таралады. Оның адам денсаулығына зияны жоқ, дейді мамандар. Алайда барлық дақылдарды зақымдайды. Өнім иесіне әкімшілік іс қозғалып, 104 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Сондай-ақ, батыс гүл трипсі карантиндік объектісімен зақымдалған 1320 дана раушан, хризантема және гипсофила гүл кескіндері де өртелді. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша іс қозғалып, өнім иесіне 251 мың теңге айыппұл салынды.