Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Су тасқынынан зардап шеккендер үшін арнайы сайт іске қосылды

AstanaTV
24.04.2024ж. 16:49
208
Су тасқынынан зардап шеккендер үшін арнайы сайт іске қосылды

Су тасқынынан зардап шеккендер үшін арнайы сайт https://qoldau.gov.kz/ іске қосылды.

Онда азаматтарды, шаруалар мен кәсіпкерлерді қолдау, өтемақыға өтініш беру тәртібі туралы толық ақпарат бар.  

Сондай-ақ, су тасқынына байланысты жедел деректер де енгізілген. Ондағы статистика жаңартылып отырады. 

Жедел желі нөмірлері де осы сайтта көрсетілген. Гуманитарлық көмек пункттері орналасқан нүктелерді де көруге болады. 

Қоғамдық штабтардың байланыс мәліметтері де сайтта жазылған.