Алматы
теміржол вокзалдарында жолаушылар мен жүктерді жіті тексеру басталды. Бұл
елдегі лаңкестік қауіп-қатердің алдын алу бағытында ұйымдастырылып отыр. Бүкіл
республика бойнша жүргізілетін шара тәжірибе ретінде алдымен Алматы
вокзалдарына енгізілген.
Жолаушылар нөпірі қалың орындарда жарылғыш
заттар мен суық қаруды анықтайтын 4 құрылғы орнатылған. Оны «әскери темір жол
күзетінің» қызметкерлері басқарады. Қауіпті заттарды алып өтпек болған күдіктілер ұсталған жағдайда вокзал
іргесіндегі арнайы бөлмеде тексерілетін болады. «Алматы -2» вокзалы тәулігіне 3
мыңға жуық жолаушыны діттеген жеріне
шығарып салып, қонаққа келген
жолаушыларды күтіп алады. Сондықтан олардың қауіпсіздігі маңызды, дейді вокзал
ұжымы. Түрлі қауіптен қорғануға
бағытталған іс -шара бірінші
сәуірден бастап Астана вокзалында жалғасын табады. Ал өзге аймақтардағы теміржол бекеттерінде мұндай тексеріс бірінші
маусымнан бастап жүргізілмек.
Айжамал
Жақсылықова, «Алматы -2» теміржол вокзалының басшысы:
Таңертең
біз сағат 10-да бастадық, содан ешқандай жаңағы қауіп төндіретін ешқандай
әрекет болған жоқ. Бұрын бұл аппарат болмаған кезде металлодетектор
болды. Қолмен тексеретін өздерінің жаңағы апараттары. Сонымен тексеріп
өткізетін. Поезд бізден 2-ші Алматыдан 50 минут бұрын қойылады жүруге.
Сондықтан да жолаушылар ертерек келіп, өткендері жақсы бізге.
Ақерке
Ашилова, жолаушы:
Вокзалға
келдім. Шымкентке кетіп бара жатырмын. Тексеруден өткізді. Бір жағынан дұрыс
деп ойлаймын, бір жағынан уақытты да алады ғой. Әсіресе, енді асығып келе
жатқан кезде баламен қиын.
Айгүл ЕРМАХАН