Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Кадрлар»...

AstanaTV
04.02.2017ж. 20:00
5103
«Кадрлар»...

Кадрлар. Жақында Шымкентте жиырма шақты адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды. Мемлекеттік қызметке тұруға «талпынған» жүздеген адамның орнына тесттен өтіп берген. Әрқайсысынан 2-3 мың доллардан алған. 

Үш айға созылған сот процесіне нүкте қойған Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Еркін Оспанов сегіз адамға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сотталғандардың  екеуі басты фигурант. Ұйымдастырушылық қызмет атқарған екеудің әрқайсысы 7 жылға кесілді. Тағы 6 қатысушы 5 жылдан арқалады. Барлығының дүние-мүлкі тәркіленбек. Ал 11 адам  уақыт өтуіне байланысты  жазаланбады. Ымыраласқандар еліміздің әр  аумағынан 148 адамның орнына сынақты «сәтті» тапсырып шыққан.

Еркін Оспанов, Әл-Фараби аудандық сотының судьясы: 

Тапсырушы білімді адамдарды жинаған. Бұлар жеке куәлік жасаған. Арнайы аппарат алдырған. Сонымен жасатқан. Мысалы, фамилиясы тест тапсырушының фамилиясы  болса, суреті солардың орнына тапсырып отырған сотталған адамдардікі. Сол бойынша  148 адамға қолданған.

Бағлан Абдулахат, ОҚО прокуратурасының басқарма прокуроры: 
Бұл кісілер күдік тудырмас үшін  республикамыздың түрлі түрлі қалаларында тапсырып яғни белгілі мерзім арасында өткізіп, тапсырып жүрген. Яғни бір азамат төрт адамның орнына немесе 7 адамның орнына немесе 15 адамның орнына тапсырып келген, осы қылмыстық топ құрықталғанша. Соңғы рет 2015 жылдың қазан айында бес үміткердің орнына өтіп жатқан кезде осы қылмыстық топ мүшелері ұсталынған. Яғни олардың қолдарында жалған куәлік дәлел ретінде тәркіленген.

Біздің бір әріптесіміз «олар жұмыс істеп үлгерген уақытында оқып, жазуды үйренді ме екен?» деп ирониялайды. Бірақ күле де алмайсың – себебі жылататын қыры басым – ауыз толтырып айтпайтын жалақыға жұмыс істеуге құштарлықтың бірнеше себебі бар – жұмыс табу қиын, жұмысқа орналасудың жолы негізінен – пара және берген параң тез «өтелетін» қызмет түрлері бар...