Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Кадрларға» перпендикуляр қоятын жандар

AstanaTV
04.02.2017ж. 20:00
2242
«Кадрларға» перпендикуляр қоятын жандар

«Кадрларға» перпендикуляр қоятын мынадай материал. Аяғы ауыр кезде анасы сары аурумен ауырып, дүниеге екі қолсыз келген Анар ...өзі ғана емес, үш адамға жұмыс беріп отыр. Және немен айналысады дейсіз ғой?! Тігінші. Көрпе-төсек тігетін ісмер. Тараз мемлекеттік университетінен «билология пәнінің мұғалімі» деген мамандық алып шыққан. Бірақ 2000-жылдары жұмысқа ешбір мектеп алмайды.

Анар Бексұлтанова:

Жұмыс таба алмадым. Мүмкіндігімнің шектеулі екенін көріп көп директорлар алмай қойды... Көп ойландым. Не істуге болады? Істі бастағанда 400 мың қарыз алдым. Бір жарым жылда өтедім. Іс жылжи берді. Тапсырыстар көп, үлгермей жатырмыз деп айтпаймын. Бірақ бұйырғаны болып жатыр. Істеген ісіне алады, қызметкерлер. Тауарды алып келемін, сыртын тігемін. Үлкен қызымның есімі Әдемі, екінші қызым Сұлуайым... Олар жеңімнен ұстап келе жатады да, тұра қалып, жеңімді ашып, қарайтын... Көздерінде «қайда» деген сауал тұратын. Болмаса көтер дейтін... Қазір сыныптастары сұрайды екен. Мен шындықты айтыңдар деймін...Икем, икем – осы жұмысымның жемісі.

44 жастағы Бинали 1 жасынан церебралды сал ауруымен ауырады. Ол да жұмыс істейді. Сондай аурумен етікші!

Бинали Исмаилов:

Мен өзімді мүгедек санамаймын... Отырсам да, ақшамды тауып жатырмын. Кәсіптің оңайы жоқ. Үйрену керек. Желім жағасың. Оның да сыры бар.

Қанша зейнетақы аласыз? 39 мың. Аз екен. Иә, дәріге жетпейді. Бірақ шүкір. Сол үшін жұмыс істеп жатырмыз.

Ал қарағандылық Әлия Сүлейменова бала кезінде дәрігерлердің қателігінен дұрыс диагноз қойылмай, омыртқасы зақымдалып арбаға таңылған. Бірақ мүгедектік тауын шаға алмады. 4 жыл бұрын Әлия емдік-психологиялық орталық ашты.

Әлия Сүлейменова, «ЛОГОС ҚАРАҒАНДЫ» емдік-психологиялық орталығының директоры: 

Маған кейде біреулер айтады,саған не керек осы,өзіңе қиындық жасайсың деп.әрине күнде қиындық,далаға шықсаң қиындық,мына мекеменің ішіне кіру де қиын, мысалы. Бірақ алдыңа келген балаға қарап ойлайсың, әрине менің білгенім олардыкынен көп,соны үйрету керек деп. Өзіңнің мақсатың болу керек. Менде мақсат бар.

Біреулер «тоймайды». Біреулерге бәрі «аз». Біреулер ...Анар, Бинали, Әлия. Біздің тіршіліктің параллель сызықтары. Алайда «қысқа тұйықталу» болса, алапат өрт шығуы мүмкін екені тоймайтындар мен қоймайтындарды қалай үрейлендірмейді?..