Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Әміре Қашаубайұлы Еуропада тек Парижде болмаған

AstanaTV
04.02.2017ж. 20:00
3128
Әміре Қашаубайұлы Еуропада тек Парижде болмаған

Осы аптада Ұлттық академиялық кітапханада «Әміре Парижде» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Қазақтың дәстүрлі әншісі Әміре Қашаубайұлының 130 жылдығына орай оның өмірі мен шығармашылығына арналған тарихи-биографиялық очерктің авторы 40 жыл бойы әншіні зерттеп келе жатқан музыкатанушы Жарқын Шәкәрімұлы. Кітаптың тілі – орысша. Мұнысы несі?-деп бірден өре түрегелмеңіз. Әнші жайында іздеген жанға ана тілімізде ақпарат жетерлік. Өзгелер білсін,- дейді музыкатанушы.

Жарқын Шәкәрімұлы музыка зерттеушісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

77 жылы 1 кітабым шықты. 80 жылы 1 кітап, 79 жылы 1 кітап, 2006 жылы 1 кітап, 5 кітабым шығып қойған. Қайтыс болған туралы құжаты бар, документі бар. Ромен Ролланның айтқаны бар. Сондай жаңалықтар. ОГПУ-дің қинағаны бар. Енді орыс оқырмандары бұдан көп нәрсе түсінеді.

Әміре Қашаубайұлының Парижде 1925 жылы өткен ЕХРО ая­сындағы әлемдік ән байқауында тамаша өнер көрсетуі, оны сол уақытта өмір сүрген Париж зия­лыларының бағалауы, Мұс­тафа Шоқаймен кездесуі, сол оқиғадан соң кеңестік жүйе тарапынан тағдырының тал­қыға түсуі қамтылған. Оның тек қана Парижге табаны тиіп қоймай, арнайы шақыртумен  Берлин көрмесіне қатысып, жеке концертімен Страсбург,  Нормандия,  Франкфурт қалаларында да болғаны анықталған. Ұлыбританияға шақырылғаны туралы мұрағат құжаты бар. Па­рижде күміс медальға ие бол­ған әншіні Еуропада аты аңызға айналған Энрике Карузомен теңес­тіріп, оның өнеріне Но­бель сыйлығының лауреаты Ро­мен Роллан жоғары баға берген. Сондай-ақ, тағы бір айтатын нәрсе, әншінің екі суреті сақталған. Бірінде тымақпен, екіншісінде костюммен түскен. Біз тек тымақпен түскен суретін ғана білеміз. Жиын барысында телевизияның белгілі майталманы Сұлтан Оразалин уақытында Жарқын інісінің Әміренің дауысын тапқанын сүйінші сұрап келіп, айтқанын және оны шұғыл жаңалық қылып күллі қазақты қуантып, эфирге бергенін тебірене еске алды.

Сұлтан Оразалин теледраматург, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

Москвада Парижге кетіп бара жатқан сапарында Әміренің 4-5 әні жазылған екен. Содан бері 50-60 жыл өтке де жаңағы валик жата берген. Жарқын оны қалай алсын? Институтты бітірген жап жас жігіт. Өзінің қолындағы магнитафонына үйдегі ән салатын, сол магнитофонды қойып, әнді жазып алған екен.

Айтпақшы, биыл әнші жайында фильм де прокатқа шығады. Бұл туындыны америкалық компания түсіріп жатыр. Фильмге бюджеттен 400 млн теңге бөлінген. Ал басқа да шығындарды және басқа елдерге таралуын әлгі компания өз мойнына алған. Кітапқа қосымша ретінде Әміренің 7 әні СD дискіге жазылып, енгізілген.