Оқушылардың
үй тапсырмалары қысқарып, сөмкелері жеңілдей түспек. Білім және ғылым
министрлігі әр оқушыға жеке заттарын сақтайтын шкаф дайындайды. Бұл туралы
Үкімет отырысында министр Ерлан Сағадиев мәлімдеді. Арнайы шкафтар биылдан
бастап төменгі сынып оқушыларына қойылатын болады. Мектептер мен
балабақшалардағы жемқорлықтың алдын алу үшін де кешенді жоспар дайындалып
жатқан көрінеді. Ведомство мектептерді сапалы ауыз сумен де қамтымақ ойда.
Айгүл ӘДЕПБАЙ