Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Мұхтар Құл-Мұхаммед Семей дәрігерлерімен кездесті

AstanaTV
07.02.2017ж. 20:00
2311
Мұхтар Құл-Мұхаммед Семей дәрігерлерімен кездесті

Шығыс Қазақстан облысындағы жұмыс сапары барысында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Семей қаласының медициналық саласы қызметкерлерімен кездесіп, қалалық жылу орталығында болды. Семейдегі жылуымен қамту мәселесі шешімін тауып келеді.

Қазірде қалалық жылу стансасы әр тұрғынның үйіне ыстық су мен жылуды үздіксіз таратып жатыр. Сондай-ақ, шаһарда тағы бір жылу электр орталығын салу ісі оңтайлы шешілмек. Аталған мәселеге қатысты шетелдік инвесторлармен келіссөздер аяқталуға жақын.

Бұдан соң Мұхтар Құл-Мұхаммед жедел жәрдем ауруханасына ат басын бұрып, заманауи технологиялардың мүмкіндігін тамашалады. Айта кетері, болашақта Семей республикалық медициналық орталыққа айналуы әбден мүмкін. Шаһарда онкологиялық ауруларды бастапқы сатыда анықтап, емдейтін ядролық медицина орталығы ашылады. Онкологиялық орталық жемісті жұмыс істеп тұр. Кездесу барысында дәрігерлер биыл енгізілген міндетті медициналық сақтандыру мәселесін талқылады. Бұл ретте, Мұхтар Құл-Мұхаммед шілденің 1-нен бастап дәрігердің еңбекақысы қанша науқасқа қызмет көрсеткеніне қарай есептелетінін айтты.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Елбасының биылғы Жолдауында атап көрсетілген міндетті медициналық сақтандыру мәселесі медицина қызметкерлеі алдына жаңа міндет жүктеп отыр. Ол - медициналық қызметтің сапасын арттыру, ол - медициналық қызметтің түрін көбейту, сонда ғана дәрігерлерде риза болады, халық та риза болады. Міне Елбасы осы жүйені жүзеге асыру үшін қажетті жағдайдың бәрін жасап отыр. Ендігі кезде осы жүйеден Қазақстанның медициналық жүйесі, денсаулық сақтау жүйесі өзінің мүмкіндігін пайдаланып, тиісті жағдай жасау керек деп есептеймін.