$456.98 €489.43 ₽6.45
×

Студенттер Елбасының Жолдауын талқылады

AstanaTV
07.02.2017ж. 20:00
3058
Студенттер Елбасының Жолдауын талқылады

Жастар Елбасының саясатын қолдайды. Осы орайда Астана қаласының белсенді студенттер қатары бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын талқылап, өз ойларын ортаға салды. Дебат барысында Елбасының өкілеттіліктерін билік тармақтарына бөлу бойынша үндеуіне де зор көңіл бөлінген. Сөз жарысты «жастар саясатын» қолдау мақсатында «Ақ орда» дебат клубы мен «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырған.

Қуат Зияданов, «Ақ орда» дебат клубының төрағасы:

«Біз Елбасымен біргеміз» атты турнир өтіп жатыр. Мұның мақсаты - университет ішіндегі ішкі саясатымызды реттеп, студенттер арасында патриоттық, отанға деген сүйіспеншілікті ұялату. Одан басқа өз пікірін анық білдіріп, Елбасының жүргізіп отырған саясатын дұрыс түсіну болып табылады.

Елбасының "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауы елдің әлеуметтік жағдайын жақсарта түседі. Мемлекет басшысының кезекті жолдауын түсіндіру мақсатында Парламент Мәжілісінің бірқатар депутаты Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданына барды. Сапар аясында халық қалаулылары денсаулық сақтау мен білім салаларының мамандарымен жүздесті. Әңгіме барысында әлеуметтік саланың күшейе түсетіні туралы айтылды. 1 шілдеден бастап зейнетақы көлемі 20 пайызға өседі. Сондай-ақ, базалық зейнетақы мөлшерін санау әдістемесі де өзгермек. Бұл келесі жылы базалық зейнетақының 1,8 есе көбеюіне әсер етеді. Халық қалаулыларын табжылмай отырып тыңдаған сала қызметкерлері кездесу кезінде көкейлерінде жүрген сұрақтарын алға тартты. Депутаттар өз кезегінде жұрттың өтінішін қаперге алатындарын айтты.

Абай Тасболатов,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Мына халықтың жолдау жағына Елбасының белсенді көзқарастарының бар екеніне өзіміздің көзіміз жетті. Оған біз қуанамыз. Ал енді сұрақтар да бар екен. Ол салаға қарамасақ та, басқа саладан сұрақтар болды. Қолымыздан келгенше шештік. Шешпеген жағдайларды орталыққа барғанда Астанада Парламентте тиісті мекемелерге жібереміз. 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар