Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Жолдауда айтылған негізгі басымдықтардың жастарға да қатысы бар

AstanaTV
07.02.2017ж. 20:00
2439
Жолдауда айтылған негізгі басымдықтардың жастарға да қатысы бар

Елбасының биылғы Жолдауында айтылған негізгі басымдықтардың жастарға да қатысы бар. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын құжатта мемлекет басшысы білім беру процесін барынша жетілдіруге назар аударды. Бұл маңызды үдерістен Астанадағы агротехникалық университет ұжымы да шет қалмайды.

Жайнагүл Құсайынова, Қазақ агротехникалық университетінің проректоры:

Аграрлық техникалық бағытта білім алатын жастарға олар қандай маман болуы керек, алдында қандай мақсат-міндеттер тұр деген сұрақтарды талқылау үшін жиналдық, Елбасымыз аграрлық бағытты техникалық цифрлық басқаруда бірнеше міндеттер қойған - бұл біздің жастарымызға тікелей қатысты.

Басқосуға «Нұр Отан» партиясы жанындағы "Жас Отан" жастар қанаты мұрындық болды. Жиынға қатысқан Мәжіліс депутаттары аграрлық салада білім алатын жастардың пікірін тыңдады. Жүзеге асқалы отырған реформалар заман талабына сай әрі мемлекеттің дамуы үшін жасалғанын айтты. Келешекте ел тізгінін ұстайтын жастардың мұны білуі маңызды. Осылай деген депутаттар өскелең ұрпақты тарихи құжатта көрсетілген тапсырмаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырды. Сондай-ақ билік тармақтарындағы өкілеттіктерді бөлуге қатысты үндеуге кеңінен тоқталды.

Зағипа Балиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Саяси құрылымды жаңғыртудың үшінші кезеңі басталды, негізгі бағыт билік тармақтарының өкілеттіктерін бөлуге қатысты. Мемлекеттік басқаруда бірқатар міндет енді Парламент пен Үкіметке беріледі, ал ел болашағы жастардың қолында. Сондықтан мұндай жайттерден барынша хабардар болып, ел өміріндегі айтулы өзгерістерден шет қалмауға тиіссіздер.