$476.27 €515.47 ₽5.41
×

Суық қарумен қаруланған қаскөй алты адамды жарақаттады

AstanaTV
16.05.2024ж. 10:04
262
Суық қарумен қаруланған қаскөй алты адамды жарақаттады

Пышақпен қаруланған адам Швейцарияның Ааргау кантонындағы Зофинген қаласында өтіп бара жатқан адамдарға шабуыл жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы ақпарат бойынша, Ааргау полициясы алты адам зардап шекті деп мәлімдеді.

"Белгісіз ер адам бірнеше тұрғынды суық қарумен жарақаттады. Қазір ол қамауда. Өңірде ірі полиция операциясы жүргізілуде. Қауіпсіздік үшін терезелер мен есіктерді бекітіңіздер", – делінген X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі құқық қорғау органдарының хабарламасында.

Швейцариялық Le Temps газеті қалада полиция арнайы күштері жұмылдырылғанын, зардап шеккендерді тасымалдауға жедел жәрдем көліктері мен медициналық тікұшақ дайындалғанын атап өтті.