$450.79 €482.21 ₽5.05
×

"Ер азаматтар бөгет басында" - Жалғансай ауылының тұрғыны

AstanaTV
23.05.2024ж. 21:43
800
"Ер азаматтар бөгет басында" - Жалғансай ауылының тұрғыны
"Түннен бері ауылдың ер азаматтары бөгет бекітуде жүрдік. Әйел адамдар, балаларды Махамбет ауылына мектепке апарды. Қазір жағдай тұрақталды. Тұрғындар үйлеріне қайтты. Ауылды қорғау үшін, жұмысымызды жалғастыра береміз" деді ауыл тұрғыны Дүйсенбай Меңдіғалиев.

Еске сала кетелік, Махамбет ауданындағы Жалғансай ауылында кеше түнде, яғни, 22 мамырдан 23 мамырға ауған түні ауылдың кіреберіс жолына жақын маңдағы бөгет жарылып, ауылға суға кету қаупі төнген еді.

200-ге жуық ауыл тұрғыны шұғыл түрде Махамбет ауылына эвакуацияланды. Ауылды су басудан қорғауға ТЖД мамандары, әскерилер, ауыл тұрғындарын қоса алғанда 842 адам, 84 техника, 21 қайық жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта ауылда ахуал тұрақтанды. Бөгет нығайту , кірме асфальт бойын бекіту жұмыстары жүруде.