$480.61 €534.53 ₽5.28
×

Ақмола облысында төтеншеліктер қарт адамды құтқарды

AstanaTV
02.06.2024ж. 06:31
1487
Ақмола облысында төтеншеліктер қарт адамды құтқарды

Щучинск қаласында құтқарушылар 3-қабаттың балконынан үш иінді баспалдақ арқылы қарт адам тұрған пәтердің есігін ашты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Құтқарушылар жедел әрекеттерінің нәтижесінде ер адамды құтқарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

«Тексеру кезінде ер адамның инсультпен ауырғаны анықталды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты», - делінген хабарламада.