$523.58 €549.71 ₽5.01
×

Қарағандыда қаржы пирамидасынан жапа шекендердің саны 700-ден асты

AstanaTV
14.02.2017ж. 20:00
4667
Қарағандыда қаржы пирамидасынан жапа шекендердің саны 700-ден асты

Қарағандыда қаржы пирамидасының құрығына ілініп, ақшасынан айрылғандар саны 700 адамнан асқан. Ал, шағымданудан бас тартқан тағы 36 адамнан куәгер ретінде жауап алынуда. Бұл туралы прокуратура өкілі мәлімдеді.

Әңгіме «ФинансОптоГрупп» серіктестігі жайлы. Халықтан ақша жинап, өсіммен қайтаруға уәде берген ұйым басшысы Елена Колесникова қамауда. Оған «аса ірі көлеме ақша тарта отырып, қаржы пирамидасын құру және басқару» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Аты шулы іске қатысы бар тағы 7 адам күдікке ілінген. Олардың ішінде Колесниковаға ақша жинап беріп отырған көмекшісі ғана тұтқындалған. Өзгелері әзір бостандықта. 

Еске салсақ, Елена Колесникова өткен жылы қазанда заңсыз ақша жинады деген күдікпен ұсталған. Оның шотындағы 121 млн теңге мен қымбат көлігі тәркіленді. Өзге бағалы мүлкі мен қандай бір бизнесі анықталмаған. Сондықтан шоттағы ақша салымшыларға сот үкімі шыққан соң ғана бөлініп берілуі мүмкін.

Сабыр Саржан, Қарағанды қаласы Октябрь аудандық прокуратурасының бөлім бастығы:

3 млрд астам ақша айналымда болған ол жерде. Нақты шығынға келсек, келтірілген залалға келсек, ол - 1 млрд 900 млн астам теңге.