Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Павлодар зауытында ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға экскурсия ұйымдастырылды

AstanaTV
16.02.2017ж. 20:00
3370
Павлодар зауытында ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға экскурсия ұйымдастырылды

«Нұр Отан» партиясының Павлодар аймақтық филиалы электролиз зауытында ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға арнап экскурсия ұйымдастырды. Жеткіншектер өндіріс ошағының тыныс-тіршілігімен танысты. 

Кенжекөлдегі отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері бұл саяхатты көптен күткен. Әсіресе, ұлдардың қызығушылығы басым. Қалайы өндірісінің барысын көзімен көріп, жаңа технологиялардың жұмысын бақылады.

Қазақстан электролиз зауытында партияның бастауыш ұйымы нәтижелі жұмыс істеуде. Саяси ұйымның қолдауымен кәсіпорында «Бақытты отбасы», «Бақытты балалық шақ» жобалары жүзеге асырылып жатыр. 1 мыңнан астам еңбеккер «Нұр Отанға» мүше. Оның басым бөлігі жастар.

Еламан Оразымбетов, «Қазақстан электролизі» АҚ инженері:


Университет тәмәмдап, осы зауытқа инженер болып, жас маман ретінде жұмысқа келдім. Және де осы зауытта жұмыс атқарғанда өзімнен жасы үлкен, тәжрибесі бар адамдар саған көмектесуге, өз нұсқауын беруге тырысады.